2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.
1. Жалпы ережелер
1) "Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Савинка ауылыың негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Заңды мекенжайы: Ақмола обл, Бурабай ауд, Савинка ауылы, Школьная көшесі, 5 А.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:
Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2023 жылы Савинка ауылы орта негізгі мектебінде - 8 қызмет көрсетті;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін – 1 қызмет;
электрондық үкімет порталы арқылы электрондық нұсқада мемлекеттік қызметтер көрсету– 2 қызмет;
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 1 қызмет.
көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық қарау («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталын қоспағанда) – 0 қызмет.
көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысу және өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық қарау («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталын қоспағанда) – 4 қызмет.
Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2022 жылы Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 10 қызмет көрсетті;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін –2 қызмет;
электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетілді – 0 қызмет;
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 1 қызмет.
көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық қарау («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталын қоспағанда) – 7 қызмет.
көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысу және өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық қарау («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталын қоспағанда) – 0 қызмет.
2. Қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушыларға қажетті барлық ақпарат Білім бөлімінің http://sc0036.burabay.aqmoedu.kz/ ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері мен стандарттары орналастырылған. Сондай-ақ, Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен стандарттары ақпараттық стендтерде орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде. Білім бөлімінің мен ведомстволық бағынысты ұйымдармен нормативтік құқықтық актілер әзірленбеген.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
2023 жылы Савинка ауылының негізгі орта мектебіне ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі, орта, арнаулы білім беру ұйымдары Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйе 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.
Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас басқармасының жүйесі жұмыс істейді, оларда 6 мемлекеттік қызметтер қолжетімді.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 2 қызметкер көрсетеді, 2021 жылы 2 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
5. Одан әрі тиімділік және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективалары.
Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға арналған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2024 жылы Савинка ауылының негізгі орта мектебі Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.