Ақмола облысы Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Савинка ауылының негізгі орта мектебі "Коммуналдық мемлекеттік мекеме
Коммунальное государственное учреждение  "Основная средняя школа с.Савинка отдела образования по Бурабайскому району Акмолинской области"

СоцСети

  https://www.facebook.com/profile.php?id=100011285762995

 https://www.instagram.com/_savinskayash_/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

10.11.2017

Шығарма

                                   Менің кіші Отаным неден басталады?

Туған жер өзіңе деп жыр арнадым,

Көңілде сырым терең ақтаратын.

Төсіңде өсіп тұрған ақ қайыңның,

Мен мына -жалғыз ғана жапырағымын

    

  Туған жер! Осы бір сөзді естігенде тебіренбейтін жүрек жоқ шығар сірә?! Осы екі ғана сөзде қаншама

мағына, терең ой жатыр десеңші... Туған жер тақырыбына жан-дүниеңді балқытып, жүрегіңнен

шыққан сөздермен ой шерткенде қалай ғана толқымассың?! Менің кішкентай ғана

жүрегім елім, жерім деп соғады. Бұл жүрек шаттық пен қуаныштан соғады. Туған

жердің қадірін әр адам әртүрлі  түсінеді.

Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен тең. Себебі, ол –

менің дүниеге келіп, кіндік қаным тамған жер, әлпештеген анам, аялап өсірген

әкем, туған-туысым, бауырларым, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол

білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен достарыммен бірге өмір сүріп

жатқан  жер.

       Менің туған жерім, кіші Отаным –  мен үшін аса қымбат, әрі киелі Савинка

ауылы.. Бұл киесі мен құты бойыма бірдей дарыған мекенім, дүние есігін ашып,

мынау кең- байтақ әлемге іңгәләп келгеннен шұғылаға толы шуағын, жарық күні мен

жұлдызын, толықсыған айы мен нұрлы сәулесін сыйлаған құт мекенім. Осы шағын

ауылда менің көңілді де шаттыққа толы бейкүнә балалық шағым өтіп келеді.  Алғаш басқан «тәй-тәйім», нұрлы күннен қуат

алып, былдырлап шыққан бал тілім, алтын ұям – мектеп табалдырығынан аттаған

қуанышты сәттерім, бәрі-бәрі осы өлкемнің киелі топырағында өтті. Туған

өлкемнің тұнып тұрған әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін ұялатады. Ауылымды

айнала өскен жасыл орманы, ақындар жырға қосқан жер жәннәті Көкшетаудың сексен

көлінің бірі-аққу-қазы қиқулаған көгілдір Құмдыкөлі, дән теңізіне шалынған жазық даласы, төрт түлік малғатөсін ашқан құтты жайлау қырлары,көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлері, бойыңа

еріксіз туған жерге деген махаббат сезіміне бөлейді.

        Қасиетті туған жер! Бойымдағы бар жақсы қасиеттерім үшін мен саған қарыздармын, осынша сұлулыққа бөленуіне қандай

себеп, әсер етуші қандай күш деп толғанамын, ойлана келіп туған ауылымның

көркеюінде ауыл адамдарының жұмсаған күш-жігері, төккен тері – еңбектен

жазылған шежіресі екенін ұғамын.

       Ауыл-әр қазақтың алтын бесігі, түп қазығы.

Аттың құлағында ойнаған халқымыз дархан даламыздың – ауыл анамыздың перзенті. Ауыл-ананың

қойнынан талай ұлы ғалымдар, ақындар мен жазушылар, көптеген елім деп еңіреген

батырлар, жерім деп жүрегі соққан қоғам қайраткерлері түлеп ұшқан жоқ па? Кіндік

қаны тамған ауылына ақындар жыр жолдарын,әншілер асқақ әндерін,жазушылар асыл

сөз қорларын арнаған.

   

Туған жерім-алтын бесігім деп туған елді көркейтуге аянбай тер төккен

еліміздің адал  перзенттерінің  еңбегіне сүйсініп, келешекте өзім де солардың

қатарында болғым келеді. «Отан-ошақ басынан басталады» дегендей Отанға деген

махаббат та балғын балалық шақтан басталып, адам есейген сайын өсе береді екен.

Туған  жер, неткен шіркін, ыстық едің!

    

Енді әне-міне дегенше бір жылдан соң 

сүрлеу-соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттанбақпын. Мен – жас

түлекпін алға ұмтылған. Жас түлек – болашақ үлкен мамандық иесі, өмір атты

керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір-керуен қайда

жетелесе – сонда жол тартпақпын.

     

Сөйтіп қанатын қатайтып ұясынан ұшқан қыран құстай самғап ен

далам-тұғырым, Ұлы Дала- Қазақ елі, кең-байтақ Отанымның өркендеп көркеюіне

теңізге тамған тамшыдай болса да өз үлесімді қосқым келеді.

     

Мен – жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді елдің

ертеңімін. Сондықтан, жас тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасын қалаушы, «Сен де

бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан»,- деп Абай атамыз айтқандай,

кірпіші болып қаланып, ата-баба ерлігі мен рухынан нәр алып, дәстүріне берік

болып, елімнің, туған өлкемнің одан әрі өркендеп-өсуіне  бар күш-жігерімді

аямаймын.

    

Ол үшін кемел біліммен қаруланып, ғылым мен техниканың сан қырлы тетігін

меңгеріп, бүкіл әлемдік құндылықтарды бойына сіңіре алған ұрпақ болсақ деп

армандаймын. Өйткені, болашақ – жастардікі. Елдің ертеңгі иесі – бүгінгі ұрпақ.

 Жастар білімді болса-болашақ жарқын

болмақ.

     

Осындай киелі де, қасиетті жерұйығын көздің қарашығындай сақтап, біздің

пешенемізге бұйыртқан, ұрпағына аманат еткен бабалар алдында біз-бүгінгі ұрпақ

мәңгі қарыздармыз.

    

Қазақ елінің тәуелсіздігі мәңгілік болып, халқы қыран құстай еркін

самғап, көк байрағы көгілдір аспанда желбіреп, әлем картасында Мәңгілік

ел-Қазақ елі жасай берсін!

                                                     

Савинка негізгі мектебінің   тоғызыншы сынып оқушысы Мұсағожина Самал

 

Просмотров: 3289


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст