«Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп тегін айтылмаса керек.
Қарт дегеніміз - ағып жатқан дария, теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы мен
тереңдігі қандай болса, қарияларымыздың да ақыл-парасаты сондай терең.
Қариялар- халқымыздың өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз . Үлкенді
сыйлау, оларға құрмет көрсету ата- бабадан келе жатқан салтымыз.
Ақсақалдарымыздың өмірлік тәжірибесі, ақыл-кеңестері, тәлім-тағлымдары ұрпақ
үшін орны бөлек. Қай заманда болмасын қоғамда қарияларға деген құрмет,
ізет-ілтипат ерекше болған, олардың даналықтары мен өмірден түйген мол
тәжірибесіне ден қойып отырған. Жалпы айтқанда, қарттардың отырған жері бір
береке ғой, шіркін!
Сол кісілердің арқасында
осындай тыныш заманда өмір сүріп отырғанымызды кейінгі ұрпақ білсе деген ізгі
тілекпен,қарияларымызға деген құрметпен жылдағы дәстүр
бойынша Савинка негізгі мектебінде қазан айының соңғы күндері қарттар күніне арналған кеш ұйымдастырылып, ауылымыздың
ардақтыларына арналған мектеп мұғалімдері мен оқушылары дайындаған концерттік
бағдарлама өтті.Ақсақалды аталар мен ақжаулықты әжелер оқушылардың өнерлерін
тамашалап, риза болды.Шағын орталық бүлдіршіндері мен даярлық сынып оқушылары
қонақтарға өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етті.Кеш соңында қонақтарға
арналған ақ дастарқан жайылды.Қарттарымыздың арасында жастары жетпістен асқан
мектебіміздің алғашқы түлектері де бар екен.Олар балалық шақтарын,мектеп
қабырғасында өткен күндерін дастарқан басында естеріне алып, қызықты
әңгімелері әнге жалғасып отырды.
«Жаңбырмен жер көгерер,батамен ел
көгерер» демекші ақсақалдар атынан еліміздің құрметіне бөленген тыл
ардагері,жасы сексеннің сеңгірінен өткен,бала-шағасын өсіріп-өндіріп,қызығына
бөленіп отырған Керей ата ақ батасын беріп, қонақтарымыз келер жылға аман-сау
жетейік деген игі тілектерімен тарқасты.
Н. Кабенова Савинка негізгі мектебінің мұғалімі .