Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай Савинка негізгі
мектебінде жылдағы дәстүрлі онкүндік өткізілді.
Тіл-ұлттың аса ұлы игілігі,әрі оның ажырағысыз белгісі.Тіл-ұлттың жаны,тіл-ұлттың асыл
қазынасы.Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды.
Адамның мәдениеті тіл,сөйлеген сөз арқылы көрінеді,сондықтан тіл мәдениетін оқушыларға
қалыптастыру мақсатында тілдер күні мерекесіне арналған онкүндік іс-шаралары
ұйымдастырылды.
Жоғары сынып оқушылары тақырыптық қабырға газеттерін шығарды.Мектеп кітапханашысы Абылқасова
Ә.Ж. «Тіл-әр халықтың байлығы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.Тіл мұғалімдері
қазақ,орыс,ағылшын тілдерінен ашық сабақтар және басқа да іс-шаралар
ұйымдастырды. Жоғары сынып оқушылары арасында «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» атты
танымдық-интеллектуалдық сайыс сабақ өтті.Ұстаздар арасында ұйымдастырылған
«Тіл-достық кілті» атты интеллектуалды ойын қызықты өтті. Мектебіміздегі тілдер
онкүндігі «Тілім менің-тірлігімнің тірегі» деп аталған концерттік бағдарламамен
аяқталды.
Өткен іс-шара жұмыстарына мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары белсене
қатысты.Іс-шараларының негізгі мақсаты-оқушыларға өз ана тілінің
қадір-қасиетін,құдіретін ұғындыру,тіл мәртебесін көтеру және білім деңгейлерін
сарапқа салу.Басқа тілдерге де құрметпен қарап,әрбір ұлттың ана тілі баға
жетпес мұра екенінсезіндіріп,тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.